Оқиға • 09 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде көлік соқтығысынан жолаушы қаза тапты

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде «Lexus» пен ГАЗель соқтығысып, бірінен жолаушы түсіп қалды. Ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде көлік соқтығысынан жолаушы қаза тапты

Оқиға Ақтөбе қаласында болған. «Lexus» автокөлігінің жүргізушісі 41-разъезден Зинченко көшесі бағытымен келе жатып, қарама-қарсы жолға шықты. Сол кезде бұрылмақ болған ГАЗельді көрмей соқтығысты. Жол апатынан кейін «Lexus» көлігінің жүргізушісі тоқтамай, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Салдарынан сол машинаның 29 жастағы жолаушысы салоннан түсіп қалып, жол жиегіне құлаған.

«Жарақат алған адам аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол алған жарақатынан есін жимай, көз жұмды. Полиция қызметкерлері кешенді іздеу іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде 28 жастағы көлік жүргізушісі ұсталды.

Анықталғандай, ол осы жылдың мамыр айында жүргізуші куәлігінен айырылған. Қазір Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.