28 Қаңтар, 2014

Синергия форум

277 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

09 Синергия форумыАлматыда ғылым мен технологиялардың 2030 жылға дейінгі даму жоспары ұсынылды

Алматы қаласындағы Ғылым ордасында «Ұлттық мемлекеттік ғы­лы­ми-техникалық сараптама орта­­лығы» АҚ пен Білім және ғы­лым министрлігі «Синергия: ғы­лым, бизнес және қоғамды бі­рік­ті­ру» тақырыбында алқалы жиын ұйымдастырды.

 

Алматыда ғылым мен технологиялардың 2030 жылға дейінгі даму жоспары ұсынылды

09 Синергия форумы

Алматы қаласындағы Ғылым ордасында «Ұлттық мемлекеттік ғы­лы­ми-техникалық сараптама орта­­лығы» АҚ пен Білім және ғы­лым министрлігі «Синергия: ғы­лым, бизнес және қоғамды бі­рік­ті­ру» тақырыбында алқалы жиын ұйымдастырды.

«Синергия» форумы – ғылым мен технологиялардың әлеуетін ел экономикасын біріктіруге және оны әлеуметтің өзекті мә­се­ле­ле­ріне жұмылдыруға ба­ғыт­­тал­ған ғылыми орта, бизнес ара­сын­дағы диалог жүргізу ала­ңы. Сонымен, Қа­зақстанда ғылым мен тех­ноло­гияларды 2030 жылға дейін­ дамы­ту мәселелерін талқы­лау мақ­сатында форумға 500-ге тар­та адам қатысты.

Форум кезінде Қазақстан үшін маңызды – ұлт салауаттылығы, биотехнологиялар, жаңа материалдар мен технологиялар, ақпарат­тық және коммуникациялық тех­нологиялар, ауылшаруашылық сек­тордың тұрақты дамуы, тамақ өнімдерін өңдеу және олардың қауіпсіздігі, машина құрастыру сияқ­ты 8 басым бағыт бойынша тұсаукесерлер өткізілді.

Форум шеңберінде ҚР БҒМ тапсырмасымен алғаш рет «ҰМҒТСО» АҚ «Жүйелі анализ және ғылымды болжамдау» жобасы бойынша өткі­зілген форсайт-зерттеулердің нәти­же­лері ұсынылды. Форсайтты стра­тегиялық шешімдер қабылдау әдіс­темесі ретінде 1970 жылдардан бас­тап, бүгінде технологиялық көш­басшылар қатарына көтерілген Жапо­ния және Оңтүстік Корея енгізе бас­таған. Ал 2011 жылдан бері ғылым­ды алдыңғы қатар­да көрсетуге мүмкін­дік бере­тін тренд­тердің «алдын алу» тәжіри­бесін Қазақстан да игерді.

Жобаны іске асыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ мемлекеттік органдар, зерттеу ұйымдарының, «үлкен төрт­тік» компанияларының және бас­қа да беделді көздер мәліметтерін тал­дау бойынша орасан зор жұмыс атқа­рып отыр­ғанын айта кетуге болады. Оны дайындауға еліміздің ғы­лыми ұйым­дарынан, академиялық және бизнес ортасынан мыңнан астам өкілдер қатысты. Жобаға байланысты Манчестер Университеті (АҚШ), KISTEP (Оңтүстік Корея) және Финляндия Академиясынан салалық талдау және жоспарлау саласындағы белгілі халықаралық сарапшылар кеңес берген.

«Ұлт денсаулығын сақтау­­ға және жақсартуға ықпал ететін экспортқа бағыттал­ған эко­ло­гия­лық таза ауылшаруа­­­шылық өнімдері» пәнаралық зерттеу шеңберінде ұсынылатын шараның бірі – өндіру барысында өнім бірлігінің өзіндік құнын кемінде 30 пайызға төмендету мүмкіндігін беретін жаңа ауылшаруашылық машиналар мен жерді пайдалануға бейімделген жүйе негізінде топырақ қорғау технологияларын енгізу ұсынылады.

Оған қоса «Жасыл» технологиялар негізінде таза экологиялық орта» тазартылатын өнімдерден пайдалы компоненттерді алумен сарқынды суды тазарту жүйесін өңдеу қажеттілігі атап өтілген.

«Қуаттылығы тиімді және қуат үнемдеу қоғамы» атты зерттеуде «жасыл» энергетиканы дамыту үшін қаржылық және заңнамалық ынталандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылған.

Ғылыми қауымдастық ұсынған технологиялардың жалпы саны 300-ден асып жығылады және оларды өңдеу үшін 500-дей ғылы­ми тақырып бойынша зерттеу жүргізуді қажет етеді. Қысқасы, фо­румда әзірленген ұсыныстар порт­фелі еліміздің 2030 жылға дейін ғылыми-технологиялық салада дамуына арналған шешімдер шығару үшін, тиісті мекемелерге ұсынылатын болады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.