Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

Беларусь Президенті Ресейге барды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресейге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Egemen.kz БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь Президенті Ресейге барды

Бүгін түстен кейін Кремльде Беларусь Президенті мен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин арасындағы келіссөздер өтеді деп жоспарланған. 

Мемлекет басшылары екі ел үкіметтері дайындаған 28 кәсіподақ бағдарламасын, ортақ жұмыстары мен халықаралық мәселелерді талқылайды.

Тақырыптардың бірі Ауғанстандағы жағдай. Бұдан бөлек әңгіме барысы қыркүйектің ортасында Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиттеріне байланысты болмақ.