Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлік қолдануға болады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлік қолдануға болады

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында авторландырылған пайдаланушы «Цифрлық құжаттар» бөліміне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, отандық әуе компаниялары мен әуежайларының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-ның жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды.

Цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде жұмыс істейді және әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары арасында қолжетімді. Осы әуежайлар қызметін пайдалануды жоспарлап отырған жолаушылардың пилоттық жоба кезінде жеке куәлігінің түпнұсқасын да өзімен бірге алып жүргені жөн болады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25