Оқиға • 09 Қыркүйек, 2021

Сенатор төтенше жағдай қызметіндегі мәселелерді шешуді талап етті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Бекболат Орынбеков Өрт және ТЖ мәселелерін шешуді талап етті. Депутаттық сауалында ол жақында Жамбыл облысында болған қайғылы оқиға ТЖ қызметінің осал тұстарын анықтағанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Сенатор төтенше жағдай қызметіндегі мәселелерді шешуді талап етті

Сенатордың айтуынша, қала мен облыстағы өрт сөндіру станцияларының саны, сондай-ақ кезекші қарауылдың жауынгерлік есебі жеке құрамының штат саны нормаларға сәйкес келмейді. Сонымен қатар, сенатор арнайы өрт-құтқару техникасы мен жабдықтарын сатып алуға ақшаның жетіспеушілігі проблемасын да атап өтті. Осы себепті өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ескірген жабдықтарда жұмыс істеуге мәжбүр.

«Мәселен, Жамбыл облысында өрт сөндіру қызметінің автотехника паркі - 136 бірлікті. Баланста бар автокөліктің 26 бірлігі ескірген техникадан тұрады, оның пайдалану мерзімі 20 жылдан асады. Бұдан басқа, Байзақ ауданында төтенше жағдайды жою кезінде 18 бірлік өрт сөндіру техникасы жарамсыз болып қалғанын атап өту қажет», деді Бекболат Орынбеков.

Сенатордың ұсынысы – ТЖ құрылымдарындағы жағдайға кешенді талдау жүргізу және аталған проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдау.