Президент • 10 Қыркүйек, 2021

Қолжетімді әрі сапалы білім беру – басты мақсат

1077 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік не­гізі» Жолдауы ұстаздар қауымының шеші­мін көптен күткен мәселелерінің түйінін ашып көрсетті.

Қолжетімді әрі сапалы білім беру – басты мақсат

Соңғы жылдары елді жайлаған індеттің білім беру сапасына кері әсерін тигізгені баршаға аян. Қашықтан оқыту үрдісі отандық білім беру саласының кемшін тұстарын айқындап берді: ыңғайланған онлайн-платформаның болмауы, ата-аналардың оқушыларды қашықтан білім алу құрылғыларымен қамтамасыз ету мүмкіндігінің мардымсыздығы, ғалам­тор желісінің тұрақсыздығы, сайып келгенде, оқу үдерісінің толыққанды ұйым­дастырылуына кедергі келтіріп, білім сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырды.

2021-2022 оқу жылы Нұр-Сұлтан қала­сының кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшу арқылы басталғаны – студенттер мен оқытушылар, ата-аналар қауымы үшін үлкен қуаныш. Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа тікелей қатысып, оқытушылармен және топтағы басқа студенттермен араласудың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті.

Қазіргі таңда кәсіби білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағытталуда. 2021-2022 оқу жылынан бастап барлық кәсіби білім беру жүйесінде орын алып отырған түбегейлі өзгерістердің бірі – оқытудың кредиттік техноло­гиясын оқу процесіне енгізу. Аталған технологияның басты міндеттері – оқу үдерісіне қатысушылардың арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының орнауы, әр студенттің өзін­дік жұмысын жоғары деңгейге көтеріп, ақпараттандыруды кең пайдаланып, студенттердің шығармашылық деңгейін кеңінен қолдануына жағдай туғызу, қолжетімді әрі сапалы білім беру арқылы болашақ кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға ұмтылу.  

Біз, Қазақстандық Швейцария-Америка колледжінің педагогикалық ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өз Жолдауында көр­сеткен барлық бастамаларды толық қол­даймыз.

 

 Гүл ЖАНАЕВА,

Қазақстандық Швейцария-Америка колледжінің директоры