Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Алматыда көлік апатынан 2 адам қаза тапты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда екі көлік соқтығысып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткеніндей, оқиға бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында Әуезов ауданында болды. «Subaru» мен «Mitsubishi» көліктері соғылды, салдарынан «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, тағы бесеуі түрлі дене жарақатын алды.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша апат хронологиясы шығады. Сол арқылы тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етіледі», деп хабарлады полициядан.