Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында балалардың денешынықтыру мен бұқаралық спортқа белсенді түрде қатысатынын хабарлады.
«Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз. Өткен 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз. Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар», деп жазды әкім.
Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса беретінін атап өтті.