Алматы-Джидда және Алматы-Медина бағыттары бойынша Сауд Арабиясына ұшуларды қазақстандық SCAT авиакомпаниясы әрбір бағыт бойынша аптасына бір рет орындайды деп болжануда.
«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 7 қыркүйектегі отырыста Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін оң шешті», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.