Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2021

Астраханда Қазақстанның бас консулдығы ашылды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Астархань қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астраханда Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Жалпы көрші елдің бұл облысында Қазақстан консулдығы көп жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Еліміздің Астраханьдағы консулдығы ТМД елдерінде ашылған алғашқылардың бірі. Ол өз жұмысын 2003-ші жылы бастаған. 

Елшіліктің  әрекет ету аумағына Ресейдің Астархань облысынан бөлек тағы 4 аймақ кіреді. Консулдық округінің тағы бір ерекшелігі - бұл Ресейдегі этникалық қазақтардың ең көп шоғырланған аумағы саналады.

«Біздің консулдыққа бас консулдық деген атағын беру бұл өте маңызды мәселе. Өздеріңіз білесіздер бұл жердегі консулдық 2003-ші жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірақ биыл ғана сондай шешім қабылданды. Әрине бұл Қазақстан үшін, жергілікті халық үшін өте керемет дұрыс іс-шара деп есептеймін», дейді Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев.