Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Оралда ірі қойма өртеніп кетті

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 10 қыркүйек күні қалаға қарасты Желаев кентінде болған, деп жазады Egemen.kz.

Оралда ірі қойма өртеніп кетті

Көрнекі сурет

«Сағат 02.12-де қойманың жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. Оқиғаны барлау барысында «Али» ЖК аумағында металл конструкцияларынан жасалған, негізгі қоймаға жапсарлас орналасқан қойма және қайта өңдеу орнына жөнелту үшін жиналып қойылған макулатураның өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің аумағы 648 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында сыйымдылығы 40 литрлік 4 оттегі және 50 литрлік 1 газ баллоны, сондай-ақ бір автотиегіш жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» БҚО ТЖ департаментінің күшімен (29 қызметкер, 9 техника) сағат 06.36-да толықтай ауыздықталды», деп жазылған хабарламада.