Әлем • 10 Қыркүйек, 2021

Кабулдан алғаш рет коммерциялық рейс жүзеге асырылды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан астанасынан алғаш рет коммерциялық рейс ұшып шығып, Катардың Доха қаласына қонды. Бұл – Батыс елдерінің Кабулдан, өз азаматтары мен жергілікті тұрғындарды көшіріп біткеннен бергі, бірінші коммерциялық ұшақ. Рейс «Катар Эйр-уэйз» компаниясының ұшағымен жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.

Кабулдан алғаш рет коммерциялық рейс жүзеге асырылды

Әуе кемесінің бортында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Нидерланд және Украина азаматтары бар. Барлығы 200-ге жуық адам. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін Кабулдан тағы бір рейс жүзеге асырылуы тиіс.


Ал Катар билігінің мәлімдеуінше, қазір Кабулдағы әуежай азаматтық ұшақтарды қабылдауға 90 процент дайын. Оны қалпына келтіруге Түркия да ат салысып жатыр. Еске сала кетейік, Ауанстанда Тәліптер билікке келе салысымен, мыңдаған адам елден кету үшін Кабулдағы әуежайға ұмтылған еді. Себебі тек осы әуе айлағы ғана, батыс әскерилерінің бақылауында қалып, адамдарды эвакуациялау осы жерден ғана жүргізілді. Жалпы 2 аптаға созылған операция кезінде 124 мыңнан аса адам көшірілген.