Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Солтүстік Қазақстанда 165 бала коронавируспен ауырып жатыр

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылы басталғалы 22 сынып карантинге жіберілді. Бұл туралы коронавирусқа қатысты ахуалға байланысты өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда 165 бала коронавируспен ауырып жатыр

СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Құмар Күсемісовтың айтуынша, қазір өңірде 165 бала коронавируспен ауырып жатыр. Оның 25-і стационарға жатқызылған, бір баланың жағдайы нашар.

СҚО-ның бас санитар дәрігері Әсет Жұматаевтың айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы 19 мұғалімнен, 84 оқушыдан коронавирус анықталған. Мұғалімдердің бесеуі, балалардың 22-сі дәстүрлі форматта оқыған.

«Оқушылар вирусты каникул уақытында жұқтырған. Қазір өңірде 22 сынып карантинге жабылды, мектептер арасында карантинге жабылғаны жоқ. Колледждерде екі топ қазір қашықтан оқуға ауыстырылды», дейді Әсет Жұматаев.

Балабақша тәрбиеленушілері арасында да вирусты жұқтырғандар бар. Осындай 4 жағдай анықталып отыр.