БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы аумағында болған.
Сағат 17.30-да республикалық маңызы бар Орал-Атырау жолының 35-шақырымында 40 жастағы жүргізуші басқарған «Mazda 3» автокөлігі аударылып қалған.
Салдарынан жүргізуші және 34 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 30 жастағы тағы бір жолаушы аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БҚО полиция департаменті жүргізушілерге қырағы болып, жылдамдықты асырмауды және жол ережесін бұзбау қажеттігін еске салады.