28 Қаңтар, 2014

Бокс: жартылай финалға жеті спортшымыз жолдама алды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

boxing bangkok

Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеті қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Ширек финалда Ертуған Зейнелов (46 кг)индонезиялық Илхам Тапажатиді ұтты. Енді ол жартылай финалда алаң иесі Тхаи Наринраммен кездеседі. Осыдан кейін Иван Ковалев (52 кг) те кореялық Шинг Хайк Вангты жеңіп, келесі кезеңге шықты.  56 кило салмақтағы боксшымыз Зауырбек Сұлтан үнді Навин Кумардан айласын асырды. Жартылай финалда Сұлтан қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекұлымен қолғап түйістіреді. 60 кило салмақта 2013 жылғы Азияның үздік жасөспірім боксшысы атанған Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Нұрсұлтан Мұратовты жеңді. Енді ол жартылай финалда жапон Гох Хосакамен финалға жолдама үшін күш сынасады. Сондай-ақ, Аян Қалибеков (64 кг),  моңғол Далаи Ганзорагты ұтты. Ол жартылай финалға таи Киткеят Паниткхандпен кездеседі. 69 килодағы Илья Ошкин де жарады. Ширек финалда Илья алаң иесі Краивит Саянгаринді жеңді. Оның келесі қарсыласы өзбек Бектемір Меликузев. Темірлан Кабиев (91 кг ) ширек финалда кореялық Ким Джин Нионгтті тізе бүктірді. Өкінішке қарай, 1/ 4 финалда Бекжан Бакиров (75 кг) өзбек Қозымбек Мардоновтан есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз:http://www.aiba.org/