Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2021

Қазақстан Елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Ариф Алвиге сенім грамоталарын тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Пәкістан басшысы Елшіні тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары сенімді деңгейін және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өңіраралық өзара іс-қимыл тұрғысынан Пәкістан мен Қазақстан арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты, А. Алви Ауғанстандағы жағдайды тұрақтануының қажеттігін және Пәкістанның оған мүдделілігін  айтты.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі Пәкістан Президентінің сөзін қолдай отырып, Нұр-Сұлтан мен Исламабадтың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту қатынастарындағы ұстанымдары мен тәсілдерінің ұқсастығы туралы мәлімдеді.

Екі елдің жақындасуына ықпал ететін сауда-экономикалық саланы дамытумен қатар, мәдени-гуманитарлық бағыттың да олардың маңызды құрамдас бөлігі екендігі туралы пікірімен бөлісті.

Сондай-ақ, Е. Қыстафин Пәкістан Президентін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағытарымен таныстырды.

Қорытындылай келе Пәкістан Президенті Елшіге табыс тілеп, Пәкістан тарапының белгіленген жоспарларды іске асыруда жан-жақты жәрдемдесуге әзірлігін білдірді.