Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.
«Келген 40 адамның 36-сы ПТР тест тапсырды. Талдау нәтижесі белгілі болды. Ешкімнен коронавирус анықталған жоқ. Барлығы теріс», деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.
Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандас тарихи отанына оралды.