Шенеунік 500 мыңнан астам тауықтың қырылу себебін дұрыс көрсетпеді деп айыпталған еді. Жалған есептің кесірінен кәсіпорын төлемақыны уақытылы ала алмаған. Айта кетейік, прокурор Батырбековты үш жылға бас бостандығынан айыруды және дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталған ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облысы аумақтық инспекциясының бұрынғы басшысы сот үкімімен айыпсыз деп табылды. Сот айыпталушының қылмыстық әрекетінде қылмыстық құрам жоқ деп тапты», деді облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы Ләззат Байғожина.