Ауа райы • 11 Қыркүйек, 2021

11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста, антициклон жотасының әсерімен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, түнде шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.