Қоғам • 11 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда жолаушылар пойызындағы ортақ вагондарда жүруге тыйым салынды

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жолаушылар пойыздарының ортақ вагондарында жүруге тыйым салынды. Бұл ҚР бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жолаушылар пойызындағы ортақ вагондарда жүруге тыйым салынды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы: жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын», делінген қаулыда.

Қазақстанның бас санитария дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Қаулы 2021 жылы 13 қыркүйекте күшіне енеді.