Апат кеше түнде Эль-Минья провинциясы Самалют қаласы ауданында тасжолда болған. Қаза тапқандар мінген жеңіл көлік бетон араластыратын көлікпен соқтығысқан. Қаза тапқандар арасында - 4 және 10 жасар екі бала бар. Жол апатының неден болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Египетте жыл сайын көлік апатынан 12 мың адам мерт болады. Египеттің қоғамдық мобильдеу және статистика орталық агенттігінің дерегі бойынша елдегі жол-көлік апатының саны соңғы уақытта 1/4 есеге азайған.