Футбол • 12 Қыркүйек, 2021

«Тобылдың» тегеуріні күшті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20 туры артта қалды. Бұл бәсекелер Петропавловск, Атырау, Орал, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент және Қостанай қалаларында өтті.

«Тобылдың» тегеуріні күшті

«Қызылжар» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарының» қақпасына жауапсыз екі доп салды – 2:0. Бұл голдардың авторлары – Әлібек Касым мен Тимур Мульдинов.

«Атырау» мен «Тұран» 2:2 есебімен тең тарасты.

«Ақжайық» мен «Астана» арасындағы бәсекенің тағдырын елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Валерий Чуперканың 10-минутта соққан жалғыз добы шешті – 0:1.

Қарағандының «Шахтеры» Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдап, 3:1 есебімен ұтты. Бұл голдардың барлығы да бірінші таймда соғылып, Оралхан Өміртаев дубль авторы атанды.

«Ақтөбе» мен «Тараз» арасындағы кездесуде есеп ашылған жоқ – 0:0.

Шымкентте «Ордабасы» «Қайратты» 2:1 есебімен қапы қалдырды. Ал «Тобыл» Қостанайда Ақтаудың «Каспийінен» айласын асырды – 2:1.

Жоғарыдағы жеңісінен кейін «Тобыл» қайта көш бастады. Дәп қазір қостанайлық футболшылардың 45 ұпайы бар. Екінші орындағы «Астананың» басты қарсыласынан бір ұпайы кем. «Қайрат» үшінші сатыға табан тіреуде. Алматылықтар 37 ұпайды еншілеп отыр.