Саясат • 13 Қыркүйек, 2021

10 күн ішінде 612 өтінім берілді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жүргізілуде. Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.

10 күн ішінде 612 өтінім берілді

Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» кор­пу­сының әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

1 қыркүйектен бастап 612 қа­зақ­стандық қатысуға өтінім бе­рілді.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жал­ғасады.

Pkrezerv.gov.kz https://pkre­zerv.gov.kz/ сайттында тіркеліп, өтінім бере аласыз, ол үшін қол­да­ныстағы электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Профильді Жеке кабинетте толтыру және электронды-цифрлы қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою керек.

Қажетті құжаттарды жүктеу: жеке куәлік көшір­месі, жоғары білім туралы дипломдардың көшір­ме­лері, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшір­месі, мемлекеттік тілді меңгергені тура­лы Серти­фикат.

2021 жылғы 2 қазан мен 25 желтоқсан аралығындағы уақытта іріктеу кезеңдері өтеді.

 

«Егемен-ақпарат»