Әлем • 13 Қыркүйек, 2021

Каталонияда азаттық шеруі өтті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мыңдаған каталондық сенбіде Барселонада шеру жасап, Испаниядан тәуелсіздік алуға үндеді. Nacional Catalana ассамблеясы деп ата­ла­тын топ ұйымдастырған шеру кейінгі кезде өткен ең ірі наразылық акциясы атанып отыр.

Каталонияда азаттық шеруі өтті

Испания билігі Каталонияның 2017 жылы тәуелсіздік алуға қатысты өткізген референдумын заңсыз деп тауып, оны ұйымдастырған тоғыз каталондықты түрмеге жапқан еді.

Шеруге қатысушылардың көпшілігі бетперде киген. Полицияның хабарлауынша, оған 108 мыңға жуық адам қатысқан. Nacional Catalana ассам­блеясының айтуынша, жиналғандар саны 400 мыңға жуықтаған. Бұл 2019 жылғы шерумен салыс­тыр­ғанда төмен. Ол кезде Барселона көшелеріне шамамен 600 000-ға жуық адам шыққан еді. Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты наразылық акциялары кең көлемде өткен жоқ.

Наразылық Барселона мен Мадрид арасындағы шиеленіс бәсеңдегенде өтіп отыр. Таяуда Испания мен Каталония мәмілеге келуге ынта танытқан еді. Ке­лесі аптада тараптар Барселонада жиналып, Катало­нияның саяси қақтығысы бойынша келіссөз­дер өткізбек. Испания премьер-министрі Педро Сан­чес келісөзге қатысатынын не қатыспайтынын әлі растаған жоқ.