Спорт • 13 Қыркүйек, 2021

Қазақстан волейболдан Азия чемпионатында өнер көрсетті

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қыркүйекте жапондық Тибада ерлер арасында волейболдан Азия біріншілігінің туы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан волейболдан Азия чемпионатында өнер көрсетті

Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы матчында Қытай Тайпейінің командасымен кездесті.

Қазақстан елшілері қарсыласына қарсы тұра алмай, үш партияда 20:25, 22:25, 19:25 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық волейболшылар келесі ойынды Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Матч 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен 14:30-да басталады.