Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021

Қарағандыда адам қаңқасы табылды

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда адамның қаңқасы табылды. Оның жанында хабар-ошарсыз кеткен жас қарағандылыққа тиесілі құжаттар болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда адам қаңқасы табылды

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, мәйіт Қарағанды маңындағы далада табылған.

«Адамның қаңқалы мәйіті табылды. Адамның жеке басын анықтайтын сараптама тағайындалды. Мәйіттің жанында хабар-ошарсыз кеткен адамның құжаттары болған. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Табылған құжаттар 2020 жылдың 26 тамызында жоғалып кеткен 27 жастағы Қарағандыға тиесілі. Қайтыс болған адам осы құжаттардың иесі ме, жоқ па, сараптамадан кейін ғана белгілі болады.