Оның айтуынша, мұндай сайттар есірткі сатуды әлдеқайда жеңілдетті. Соңғы бір жылда тексерістер нәтижесінде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Олардың басым бөлігі марихуана, героин мен синтетикалық заттар. 11 есірткі лабораториясы жабылды.
Тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңды айналымын да тексерді. Мәселен, дәріханаларда мұндай заттарды рецептсіз сатып жатқандар да аз емес болып шықты. Барлығы 18 қылмыстық бұзушылық анықталған.