Медицина • 13 Қыркүйек, 2021

Шымкентте 1 мың орындық аурухана салынады

632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы мәселелерді іске асыру барысында Шымкент қаласы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 1 мың орындық аурухана салынады

Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана салынып, 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

Аурухана

Бүгінде 36 медициналық ұйымның материалдық базасы жаңартылған. 6 медициналық ұйымның ғимараттары күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілген.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын 300 мыңнан астам скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражаты артады.

аурухана

«Президент отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгіледі. Қалада фармацевтикалық кластер дамыған. Медицина жабдықтарының өндірісі де қолға алынды. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге мегаполистің әлеуеті жетеді деп сенеміз», деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

аурухана