Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021

Маңғыстауда жалған вакцина паспортын сатқан бір топ дәрігер ұсталды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда жалған вакцина паспортын сатып келген дәрігерлер тобы ұсталды. Оларға көмек көрсетіп отырған адамдар да анықталды. Амалмыш топ 150-ден астам адамға құжат жасап үлгерген, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда жалған вакцина паспортын сатқан бір топ дәрігер ұсталды

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған вакцинация паспорттарын нақты егу процедурасынан өтпей сатқаны үшін сегіз адамды анықтады, олардың арасында дәрігерлер мен делдалдар бар.

Деректер базасында ресми тіркелген вакцинация туралы жалған құжат үшін дәрігерлер 30-50 мың теңге мөлшерінде ақша алып отырған. «Сатушылар» 150-ден астам азаматқа вакцинациядан өту туралы төлқұжат бергендерін айтты.

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу). Бұл іс бойынша тергеу жалғасуда», делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.