Нұр-Сұлтанда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті.
Тараптар Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты, оның ішінде бітімгершілік қызмет шеңберіндегі мәселелерді талқыға салды.