Президент • 14 Қыркүйек, 2021

Икемділік – жұмыс сапасын арттыратын фактор

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы маған ұнады. Мәселенің бәрін мемлекеттік аппараттан бастағаны – қоянды құлағынан ұстағанмен бірдей болып көрінді. Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі – ел дамуының негізгі көзі.

Икемділік – жұмыс сапасын арттыратын фактор

Президент айтқандай, ол нағыз іске асатын, сапалы нәтиже беретін, халыққа түсінікті, нақты, икемді жобаларды қарастыруы керек. Бізде осы күнге дейін көбінесе мега жобалар қолға алынып келді, оның ішінде әлеуметтік мәселелер де, жол да, құрылыс та – бәрі бар, адам осындай жобаның нақты нені көздейтінін ұқпай қалады. Нәтиже де нақты көрінбейді. Ал нақты жобалар қолға алынса оның орындалуын халық көзімен көріп отырар еді.

Мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызға қысқаратынын естіп жүр­­міз. Бұл мәселе бүгінгі Жол­дау­да да айтылды. Шынында да бізде бір-біріне кедергі келтіретін ай­­қыш-ұйқыш шенеуніктер аппара­ты қалыптасқан. Оның жұмысы жо­ға­рыдан төменгі барлық басқару ап­па­рат­тарында көрініс береді. Өз­дерін құрған соң, еңбекақы төлеп жат­қан соң олардың көбі амалсыз бір әре­кет­терді өздеріне тауып алады, өз­дері­нің нұсқаулықтарына сүйенеді, сөй­тіп атқарылғалы тұрған дұрыс дүние­лердің аяғына тұсау болады. Сайып келгенде бұл мемлекет­тік қызмет жұмысының сапасын төмендетеді. 

Президент төтенше жағдайлар туғанда осындай жүйенің кесірінен жедел шаралар қабылдаудың өзі қиын болғанын айтты. Сондықтан ол өзінің тікелей Жарлығын шығаруға мәж­бүр болған. Сонымен бірге ше­­не­у­­ніктерден халыққа қызмет көр­­сету сапасын да үнемі талап етіп отыр­ғ­ан жөн. Әйтпесе, кейбір ше­неу­ніктер алдына ісі түсіп келген адам­ға жоғарыдан төмен қарап, әй­теуір құтылу үшін жалған сөз айтуға дағ­­­ды­ланып қалған. Бұл үшін өзіне еш­­­қан­дай жа­уапкерші­лік кел­мейті­нін біледі, ал адам­гер­шілік қаты­нас­ты керек қыл­майды. Мұн­дайдың бірін күні кеше ғана өз басым­­нан өткер­дім. Бір анық­­тама алу үшін бес есікті ашуға тура келді. Ал мұндай жағ­дай­лар ше­неу­нікке ғана емес, жалпы мемле­кеттік ап­па­рат­қа деген адамның сенімін жояды.

 

Қаршыға ҚОЯНБАЕВ,

зейнеткер

 

ПЕТРОПАВЛ

 

Соңғы жаңалықтар