Пікір • 14 Қыркүйек, 2021

Театр – қазақ тілінің шаңырағы

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құнды­лығы­мыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес», деді Қазақ­стан Республика­сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы тіл­ге тиек еткендей биыл Тәуелсіз­дігімізге 30 жыл, сонымен қатар Қаллеки театрына да 30 жыл.

Театр – қазақ тілінің шаңырағы

Егемендігіміздің төл құрдасы Қ.Қуа­нышбаев атындағы Мем­ле­кеттік академиялық қазақ музыка­лық-драма театры Елбасымыздың бастамасымен, ел Президентінің қолдауымен жаңа ғимаратқа көшіп, шығармашылық жолында жаңа белеске қадам басты.

Сондай-ақ Президент: «Бола­шағын Отаны­мыз­бен байланыстыра­тын әр­бір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс. Бұл – отаншылдық­тың басты белгісі деуге болады. Қазақ тілі, шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналып жатыр», деп баса айтты. Ал театр – тіліміздің кең насихатталып, өрісін кеңейтуіне жол ашар киелі шаңырақ.

Мемлекет басшысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызмет­кер­­лерінің, мұ­рағатшылардың, кітап­хана­шылардың, тех­никалық қызмет­керлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Демек Президентіміздің қолдауын үлкен жауапкершілікпен сезініп, мәдениет пен өнері­міздің өркендеуі жолында ерінбей еңбек етуге тиіспіз.

 

Қуандық ҚЫСТЫҚБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері