Ауа райы • 14 Қыркүйек, 2021

14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел күшейеді», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түседі, күндіз шығысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 18 м/с дейін күшейеді.

Таңертең және күндіз Қостанай облысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен соғады.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с соғады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, орталығында тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 3 градус үсік түседі.

Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.