Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриштың айтуынша, бүгінде Ауғанстандағы әрбір үшінші адам тойып тамақ ішпейді. Аймақтағы қуаңшылық жағдайды одан бетер ушықтырып тұр. Елдегі саяси тұрақсыздықтан өзге жерге бас сауғалап қашқандардың саны да артып барады. Женевада өткен конференцияда БҰҰ билік басына келген тәліптерді гуманитарлық ұйымдардың жұмысына кедергі жасамауға шақырды.
«Гуманитарлық көмек Ауғанстандағы мәселені шешпейді. Қазір халықтың басым бөлігі ашқұрсақ. Жұрттың қолында ақша жоқ. Шұғыл көмек көрсетпесек аймақта гуманитарлық апат болуы мүмкін», дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.