Үкімет басшысы өңір әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, әлеуметтік сала объектілері мен жылу-энергия көздерін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыс жүргізгенін атап өтті.
«Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша басталады. Әкімдіктер инженерлік желілерде, білім беру, денсаулық сақтау объектілері мен үйлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарының бәрін белгіленген мерзімде аяқтасын. Энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдармен бірге аса қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етсін. Өңірлердің әкімдіктері автономды жылу көздерінің бәрін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етсін», деді Мамин.
Сонымен қатар көмір тапшылығын болдырмауды тапсырды.