29 Қаңтар, 2014

Қарағанды кафесіндегі өрттен әйел қайтыс болды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 01-FozarҚарағанды облысындағы кафеде болған өрттен бір азаматша көз жұмды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

Ермеков көшесіндегі Баспа үйінің бірінші қабатында орналасқан Jessi's Fusion Pub атты кафеде газ баллоны жарылып, оның арты өртке ұласты. Соның салдарынан осында жұмыс істейтін 7 адам зардап шекті. Дәрігерлердің айтуы бойынша , олардың денесінің 15-70 пайызын күйік шалған. Қазір зардап шеккендердің екеуі жансақтау бөлімінде, ал үшеуі күйік шалу бөлімінде жатыр.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған дейін жекелеген өңірлерде тіркелген өрттің шығу себебі газ балонын дұрыс пайдаланбаудан болғаны анықталып еді. Ал соңғы жылдары жеке тұрғын үйдегі пештердің дұрыс салынбауынан бірнеше адам уланып қалды. Сондықтан жергілікті билік өкілдері жауапты тұлғаларға бақылауды күшейтуді міндеттеді.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары».

Фото: Kursiv.kz.

Соңғы жаңалықтар