Апат аймағынан 2600 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаумен 1 мыңға жуық өрт сөндіруші мен ондаған адам күресіп жатыр.
Таулы аудандарға әскерилер жұмылдырылған. Дегенмен, кей аудандарда өрт сөндіріліп, жағдай тұрақтала бастады. Эстепона және Бенахавис курортты қалаларынан көшірілген мыңнан аса тұрғынға үйлеріне оралуға рұқсат етілді.