Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесті. Кездесу барысында Сенат Спикері Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік, оның ішінде сөз бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттарын ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы қабылданғалы бері 10 жыл уақыт өтті. Бұл құжатта Еуроатлантикалық және Еуразиялық қоғамдастық елдері үшін қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі туралы негізгі тезис жазылған. Қазақстан ЕҚЫҰ қабылдаған қауіпсіздіктің негізгі үш бағыты: әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық салалардың маңыздылығын үнемі басты назарда ұстап келеді. Сондықтан біз сөз бостандығын қамтамасыз ету және БАҚ мәселелеріне ерекше мән береміз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат Төрағасы елімізде азаматтардың сөз бостандығы бойынша құқықтарын қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ отандық медианы жаңғырту және бәсекеге қабілетті қазақстандық БАҚ-ты дамыту үшін де тиісті жағдайлар жасалып жатқанына назар аударды. Ол үшін «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «БАҚ туралы» заңдар қабылданды. Одан бөлек, Қазақстан БАҚ саласындағы халықаралық құжаттар базасын ратификациялады. Оның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және ЕҚЫҰ мен ЮНЕСКО-ның басқа да құжаттары бар.
Сұхбат барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған жүйелі реформалар жайы да сөз болды. Мәулен Әшімбаев ол реформаларды іске асыруда Парламент маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Президентіміздің елімізді жаңғырту бағдары аясында саяси реформалардың үш топтамасы ұсынылды. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін арттыруға арналған «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Адам құқықтарын қорғау саласын күшейтуге баса мән берілуде. Сондай-ақ азаптауларға қарсы және адам саудасымен күрес, азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамаларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді», деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Спикерінің айтуынша, әлем бойынша цифрлық медиа-ортаны дамыту азаматтардың сөз бостандығын қамтамасыз етудің шешуші факторына айналды. Заманауи медиа технологиялар және олардың дамуы бір жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашса, екінші жағынан түрлі сын-қатерлерді де тудырғаны сөзсіз. Мәулен Әшімбаев бұл мәселелерді тиімді шешу үшін халықаралық қоғамдастық белсенділік танытуға тиіс екенін тілге тиек етті.
Кездесу соңында Сенат Төрағасы ЕҚЫҰ өкілі Тереза Рибейроның елімізге сапары Қазақстан мен Ұйымның ынтымақтастығын одан әрі арттырып, екіжақты байланысқа тың серпін беретініне сенім білдірді.
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Ұқсас жаңалықтар