Экономика • 14 Қыркүйек, 2021

4,8 мыңнан астам жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазтеміртранс» АҚ 4,8 мыңнан астам вагоны жоспарлы жөндеу түрлерінен өтті, деп жазады Egemen.kz.

4,8 мыңнан астам жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ретте күрделі салымдар жоспары бойынша вагондарды жөндеу көлемі 117%-ды құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 34 вагонға артық. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 9% көп вагон күрделі жөндеуден өтті.

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Қазтеміртранс» АҚ вагондар паркі 42 мыңнан астам вагонды құраса, орташа тозу деңгейі 54%-дан асты.

Жүк жөнелтушілерді жарамды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету үшін осы жылы жүк вагондарының паркі жартылай вагондарды лизингке сатып алу есебінен толықтырылады. Тамыз айының соңында 850 ашық вагон сатып алынды. Биыл қыркүйекте тағы 150 вагон жеткізіледі.

2020 жылдың қаңтарынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ АҚ жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлерін жасалған шартқа сәйкес сервистік компания жүргізеді. Компания үшін вагондарды жөндеу - бейінді қызмет емес екендігіне қарамастан, осы саланы қатаң талдау және бақылау жүзеге асырылады.