Әлем • 14 Қыркүйек, 2021

Чехия президенті ауруханаға түсті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехия президенті, 76 жастағы Милош Земан ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Чехия президенті ауруханаға түсті

«Шамамен бір сағат бұрын Республика Президенті Милош Земан ауруханаға түсті», деп хабарлады Прагадағы Орталық әскери аурухананың өкілі Итка Зинке.

Басқа ақпарат әзірге белгісіз.

Милош Земан - Чехияның мемлекеттік және саяси қайраткері, 2013 жылдың 8 наурызынан бастап Чехияның президенті. 1993 жылдан 2001 жылға дейін ол Чех социал-демократиялық партиясын басқарды.