
«Жанкүйерлер менен GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол - менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл - біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл - қазақ стилі», деп жазды Әлімханұлы Twitter желісіндегі парақшасында.