Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Еуропалық Одақтың Астанадағы Елшісі Аурелия Бушезбен және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) Өңірлік директоры Сәуле Мектепбаевамен кездесті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Еуропалық Одақтың Астанадағы Елшісі Аурелия Бушезбен және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) Өңірлік директоры Сәуле Мектепбаевамен кездесті.
Кездесу барысында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын имплементтеу, әлеуметтік құқықтарды және мемлекеттік қызметтер алу саласында халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау бөлігінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру кезінде екі жақты өзара әрекеттесудің перспективалары талқыланды.
Тараптар адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, Қазақстанда Омбудсмен мекемесін әрі қарай институттық дамыту, Елбасының тапсырмасы бойынша өткізіліп жатқан қылмыстық-құқықтық реформа, сондай-ақ, қайта құрылған Азаптаудың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігін (ҰАТ) іске асыру мәселелеріне тоқталды.
Қазақстандық Омбудсмен атап өткендей, азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігіне деген құқықтарын қамтамасыз ету, халықтың осал топтарын қорғау және жалпы әлеуметтік мәселелер ұлттық құқық қорғау мекемесі үшін басты мәселелер болып табылады, бұл ретте басымдық алдын алу шараларына беріледі.
– Сондай-ақ, жабық мекемелердегі азаптауды алдын алуға зор маңыз берілуде. Мониторингтік қызмет шеңберінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың, оның ішінде Азаптау фактілерін қарау жөніндегі уәкіл жанындағы Жұмыс тобында айтарлықтай тәжірибе жинақталған, – деп атап өтті А.Шәкіров.
«Егемен-ақпарат».