«Азық-түлік бағасы өсуде. Қаржы жүйесі құлдырауда. Еуропалық комиссия біздің көмегімізді төрт есе - 50-ден 200 миллион еуроға дейін көбейтуге шешім қабылдады. Бірақ бұл тіпті теңізге тамған тамшы ғана. Оқиғаларға әсер ету мүмкіндігіне ие болу үшін Талибанмен қарым-қатынас жасауға мәжбүрміз. Басқа таңдау жоқ. Бұл оларды мойындағанымызды білдірмейді, мүлде олай емес. Бұл, мүмкіндігінше келіссөз, талқылау, келісім жүргізу ғана», деді ол.
Бұған дейін БҰҰ өкілдері Ауғанстанда азық-түлік пен басқа да қажетті заттардың таусылып бара жатқанын айтқан болатын. Олар халықаралық қауымдастықтан ашаршылықтың алдын алу үшін елге гуманитарлық көмек жіберуді сұрады.