Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021

Павлодар облысында көкек ана үш баласынан айырылмақ

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының Ақсу қаласында көкек ана үш баласын асырап-бағу құқығынан айырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында көкек ана үш баласынан айырылмақ

Жергілікті БАҚ деректері бойынша, сәбилер, оның ішінде екі айлық қыз сегіз жасар ағасының қамқорлығында жалғыз қалады.

Кезекті рейд кезінде қала полицейлері пәтерлердің бірінде сегіз, бес жас және екі айлық балалардың болғанын анықтады.

Полицейдің сұрағына есік артынан балалардың үлкені жауап берді, ол анасының таңертең кетіп, оларды кілттеп тастағанын айтты. Балалардың ата-анасын табу оңайға соқпады. Есікті ТЖД қызметкерлері ашты.

«Балалар аш, үй шашыраңқы болды. Тоңазытқышта алкогольді ішімдіктен басқа тамақ жоқ. Екі айлық қызды сегіз жасар ағасы пакеттегі сүтпен тамақтандырды», деп атап өтті полиция.

Отбасының көршілері балалар үйде жиі жалғыз қалады дейді. Нәтижесінде, балалар қолдау орталығына жеткізілді. Төрт сағаттан кейін анасы келіп, облыс орталығында жұмыс істеп жүргенін айтты.

Айта кетсек, балалардың анасы мен өгей әкелері бұрын сотталғаны анықталды, ол ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Қазіргі уақытта 34 жастағы әйел ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, материал сотқа жолданды», деп нақтылады тәртіп сақшылары.