30 Қаңтар, 2014

Қоғамның қуаты – тәртіп пен талапта

297 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

01-начальник ДВД Акмолинской областиҚазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қалыптасқан қоғамның алдына батыл да жауапты міндеттер қойды. Елбасы халыққа Жолдауын «Басты мақсат – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деген рух сілкінтер сөздерімен бастады. Бұл міндеттер қоғам мүшелерінің ортақ жауапкершілігі, құқықтық ұстанымдарымыздың беріктігі мен пәрменділігі нәтижесінде жүзеге аспақ.

Біз осы орайда, Ақмола облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Жайлаубек ХАЛЫҚҰЛЫН әңгімеге тартып, қызмет тиімділігін арттыру жайлы ойларымен бөлісуін өтінген едік.

 

01-начальник ДВД Акмолинской областиҚазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қалыптасқан қоғамның алдына батыл да жауапты міндеттер қойды. Елбасы халыққа Жолдауын «Басты мақсат – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деген рух сілкінтер сөздерімен бастады. Бұл міндеттер қоғам мүшелерінің ортақ жауапкершілігі, құқықтық ұстанымдарымыздың беріктігі мен пәрменділігі нәтижесінде жүзеге аспақ.

Біз осы орайда, Ақмола облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Жайлаубек ХАЛЫҚҰЛЫН әңгімеге тартып, қызмет тиімділігін арттыру жайлы ойларымен бөлісуін өтінген едік.

– Жолдауда атап көрсе­тіл­ге­нін­дей, «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы – барлық саланы қам­ти­тын және үздіксіз өсуді қам­та­ма­сыз ететін жаңғыру жолы. Осы «жаң­ғыру» сөзінің тілге алынуының өзі жұмысты шира­туды талап етіп тұр. Мәсе­лен, қылмыстардың алдын алу және бүгінде өзекті термин ре­тін­де қолданылып жүрген «мүл­дем төз­беу­шілік» ІІМ-нің бө­лі­ністерінде әр­дайым күтілетін нәтижесін беруде ме?

– Елбасы өзінің биылғы ха­лыққа Жолдауында «Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет», деген сөздерге айрықша екпін түсірді. Сіз айтқан «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» дегеніміз Елбасы Н.Назарбаевтың жобасы және ол жобада басым назар құқық қорғау органдарына аударылады. Қай тұрғыдан алып қарасақ та, оның табысты орындалуы – азаматтардың қауіпсіздігінің қамы.

Біздің жұмыс асығыстық пен нәтиженің соңына түсуді кешірмейді, бір күн немесе бір ай ерекшелену мәртебе емес, ал қылмыстылықты то­лығымен төмендету қиынның-қиы­ны. Сондықтан іс-шараларды жүйе­лі түрде үздіксіз жүргізу қажет, себе­бі, күш құрылымдарын пайдалану ар­қылы бір реттік шабуыл жасаумен қылмыстылықты жеңу жай сөз.

Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік бағдарламасын іске асырудың өзі алдын алу үшін қолданылып отырған іс-шара. Менің ойымша, бұл жүйенің болашағы зор. Мәселен, біздің де­пар­таментті алып қарайық. Өткен жылдың 10 айында ұрлық жасауды 6,5 пайызға, ауыр қылмыстар санын 3 пайызға, аса ауыр қылмыстар санын 8 пайызға төмендетуге қол жеткіздік, денсаулыққа ауыр зардап келтіру деңгейі 3 пайызға төмендетілді, об­лыстағы 7 ауданда 220 жасырылған қылмыс анықталып, есепке қойылды. Есіл, Жақсы, Егіндікөл, Еңбекшілдер, Қорғалжын, Целиноград, Ерейментау аудандарында бірде-бір есірткі қылмысы тіркелмеген.

Алға басушылық бар, алайда қылмыстардың бір түрін төмендетіп жатқанымызда, екінші бір түрі артып отыр. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлау 15,7 пайызға, ұялы телефондарды ұрлау 9,4 пайызға өссе, қарақшылық шабуылдар саны 15,6 пайызға артқан. Оған қоса, тіркелген қылмыстар құрылымында ұрлық жасаудың үлесі 64,4 пайызды құрайды. Ендеше, әзірге босаңсуға, аралықтағы нәтижелерге қуануға әлі ерте. Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік бағдарламасы кез келген полицейдің үстелінде орын алатын негізгі кітапқа айналуы тиіс.

– Генерал мырза, сіз ротациялық тәртіппен Ақмола облыстық де­пар­таментіне келгеніңізге бір­ша­ма уақыт болды. Қылмыспен күрес ай­маққа бөлінбейтінін білеміз, әйт­кенмен, жаңа қызметте бұрын жи­нақ­таған тәжірибелеріңіз қолда­нысқа енгізіліп жатқанын байқай­мыз. Әсіресе, қылмыстың салдарына емес, себебіне назар салатыныңыз айтылып жүр.

– Жақында мал ұрлығына қатысты қылмыстарға талдау жүргіздік. Ұрылар мүмкіндік бар жердің бәрінде де ойындағысын жүзеге асырады және ыңғайлы сәт туа қалса, мүмкіндікті қалт жібермейді. Қылмыстың бұл түрі өткен жылы Зеренді және Ерейментау аудандарында көп жасалыпты. Мен, департамент бастығы ретінде, бұл саланы егжей-тегжейлі тәртіпке келтіруді талап етудемін. Осыған орай, жаңа жоба жүзеге асырылуда. Деректер қорын құру, табындарға жау­апты тұлғаларды бекіту, жеке малды ұстаудың қауіпсіздігіне қатысты тұрғындармен жұмыстар жүргізу, келіссеңіз бұл жерде көп ойланудың да, көп ақшаның да қажеті жоқ.

Әкімдердің, әсіресе, аудан әкім­дерінің ауылдардағы жиындарда немесе есептік кездесулерде учаскелік полиция инспекторларын, қылмыстық іздестіру саласын, АІІБ бастықтарын мал ұрлығы үшін сынға алуларын әділетсіздік деп санаймын. Мұндайда еріксізден «Билік қайда қарап отыр?», «Қылмыстың алдын алу үшін олар не істеп жатыр?» деген қарсы сұрақ туындайды. Осындай қайшылықтарды болдырмау үшін бірігіп жұмыс атқару керек. Мал ұрлығы анда-санда жасалады немесе мүлдем ұрланбайды. Осыған байланысты мынадай ой туындайды: мал ұрлығының жағдайы уақыт талаптарына жауап бермейді. Мәселен, ауылдық округ әкімі мен учаскелік полиция инспекторының әр үй басын аралап, мал иелеріне ескерту жасап шығуына селт еткендер шамалы, ал егер мал иелерінің өздері сақтық шараларын қолданбаса, бұл жерде билік пен полиция малдардың сақтығы үшін жауап бере алмайды.

– Жалпы ұрлық жасаудың үлесі 64,4 пайыз көрінеді, бұл өте көп емес пе?..

Полиция қанша жерден күшті болып тұрса да, атқарушы органдар мен азаматтардың тарапынан қолдау болмаса, бұл мәселе оң шешімін таба алмайды. Айталық, Көкшетау қаласы тәулік бойы полиция қызметкерлерінің бақылауында болса да, бүгінгі күні статистикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік емес. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың өсуі 21 пайызды, ал көшелерде жасалғандары 28,6 пайызды құрайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы 13,8 пайызға артқан. Әсіресе, тұрмыстық сектордың көлеңкеде қалып жатқаны алаңдатады.

– Бұдан қалай шығуға болады?

– Біз қазір бұл тұрмыстық секторды көлеңкеден алып шығуға тырысып бағудамыз. Подъездерде үлкендер тарапынан жауапты кісіні тағайындауды, сол кіреберістерде бейнебақылау камераларын орнатуды тәжірибеге енгізіп жатырмыз. Осындай жаңашылдықтардың бірі – «Қауіпсіз аула» бағдарламасы. Сол арқылы ондаған, жүздеген қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесе аламыз. Онда бейнекамералар периметрмен орнатылады. Олар тәулік бойы қосулы болады және ондағы мәліметтер ішкі істер органдарына жедел жеткізіледі. Әзірге бұл жұмыс тек Көкшетау қаласында ғана қолға алынған, алдағы уақытта бұл бастаманы Щучье және Степногор қалаларында жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Сонымен бірге, Ақмола облысында «Көрші бақылауы» бағдарламасы төрт айдан бері жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – полицияның жұмысына азаматтарды неғұрлым көбірек жұмылдыру. Тұрғындар мен полиция қызметкерлерінің ара­сын­дағы әріптестік пен ақпарат алма­су тығыз болғанда ғана бұл бағ­дарлама өз нәтижесін көрсетеді. Ерікті көмекшілерден хабарлама келіп түсісімен полиция қызметкерлері шапшаң түрде іс-шаралар қолданады. Оларға бұл ретте сенім телефондары, Көкшетау қаласының Жедел басқару орталығының диспетчері қызмет көрсетеді. Бұл бағдарламада, сонымен бірге, ішкі істер органдарына притондар, ұрланған заттарды сатып алушылар, қару-жарақты, жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтын, автокөліктерді айдап әкетушілер, экстремистер туралы ақпараттарды да жеткізу қарастырылған.

– Тәртіпсіздікке мүлдем төз­беу­шілік туралы сөз қозғалған кез­де учаскелік полиция инспек­тор­ларының жұмысын айналып өте алмайсың. Оларға қызметтік көліктер берілді, жалақылары да көтерілді, алайда, жұмысы сыл­быр. Мүмкін мен қателесіп отыр­ған шығармын, бірақ халық полиция қызметкерлеріне сенімді қор­ғаушылары ретінде арқа сүйеп отырған жоқ сияқты...

– Сөзіңіздің бірімен келіссем, енді бірімен келіспеймін. 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторларының жеке іс-қимылымен 1269 қылмыс ашылды. Бұған қоса, 1023 іс олардың тікелей қатысуымен әшкереленді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қомақты да салмақты жұ­мыс деп тануға болады. Ал енді бас­қа қырынан келсек, учаскелік инспек­торлардың барлығы бірдей өз­деріне сеніп тапсырылған аумақтағы құқықтық тәртіптің сақталуына жоғары жауапкершілікпен қарап жүрген жоқ. Олардың сыры бізге мәлім, ол жайында бізді тұрғындар хабардар етеді. Мысалға, бір ауылдық округтің тұрғындары учаскелік инспекторларын анда-санда ғана көретіндерін жеткізді, ол көбіне өзінің жеке шаруа­ларымен айналысып жүреді дейді. Мұндайлармен көп ойланбастан-ақ қоштасамыз.

– Облыста кісі өлтіру қыл­мыс­тарының 60 пайызы маскүнемдік салдарынан болады екен. Ста­тистика қапаландыратындай-ақ.

– Етек алып кеткен маскүнемдік – бұл мәселелердің мәселесі болар. Маскүнемдік өзінің аясын кеңейтіп, жасарып барады, ол теледидардан беріліп жатқан кинофильмдерден де моральдық қолдау табуда, онда дастарқан басында ішу олардың бас­ты бренді тәрізді. Біздің қайда бара жатқанымыз қоғамның көз алдында ғой, солай бола тұра гуманизмге шақырамыз, ал қалған келеңсіздіктің бәрін полицияға ысыра саламыз. Мен қолымды жүрегіме қойып, заңды маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы қатаңдатуға шақырар едім. Бүгінде адамдар жұмыста да, тұрмыста да, демалыс орындарында да, тіпті, оқу орындарында да ішіп жатыр.

Біздің облыстық медициналық айықтырғыш, жоғарыда көрсетілген барлық мәселелерді шешпейді, шешкен де емес, ол 20 орынға ғана шақталған, Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы бұл қадамның астарында гуманизмге шақыру жататын. Бұрын онда түсу деген әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай, отбасы мен ұжым үшін сұмдық масқара саналатын. Бүгінде медициналық айықтырғыш деген ішімдікке салынғандар үшін қайырымдылық панасына айналды. Мемлекет оларды тамақтандырады, жылытады, емдейді, ал қоғам оларға ешбір жеккөрушілік танытпайды, тіпті, солай болуы керек сияқты.

Бұл неге солай, қайда қарап отыр, неге шара қолданбайды деп ең соңында барлық тоқпақты полицияға әкеліп тіреп қояды. Ал, бізде бұған қарсы тұра алатын ешқандай тиімді тәсілдер жоқ. Қит етсе құқық қорғаушыларға бір дауыстан адам құқығы бұзылып жатыр, Конституцияны назар салып оқыңыздар дейді... Ал мас күйде кісі өлтіру, ұрлық, тонау, зорлау қылмыстары жасалған кезде адам құқығы туралы бірден ұмытып кетеді. Біреудің құқығы жайлы ойлайтын болсақ, басқалар, яғни қылмыс салдарынан зардап шеккендер туралы да ойлау керек.

– Мемлекет басшысы атап өт­кен­дей, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінде аса маңызды тапсырмалардың бірі болып отыр. Осы ретте, патрульдік және жол по­лициясы құрылымдарының бірік­тірілуі жөнінде әрқилы әңгіме бар. Бұған не дер едіңіз?

– Жол-көлік оқиғаларының себеп-салдарын жою біз үшін адамның өмірі мен денсаулығын сақтаудағы басым бағыттардың бірі болып саналады. Патрульдік және жол полициясының құрылымдары біріктірілгеніне аз ғана уақыт болса да оң нәтижелерге қол жеткізіліп жатыр. Сөз барысында айта кетейін, барлық қызметкерлер тағайындалар алдында нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жол қозғалысының ережелерін білу бойынша емтихан тапсырды. Заң мен тәртіптің орындалуы бойынша жол қозғалысының қатысушыларына талап қоятын полиция қызметкерлері ең алдымен, өздерін жол бойында үлгі етіп көрсетулері қажет, олардың кәсіби даярлығы жоғары болып, құқық бұзушыларға қағидатшыл және талапшыл болулары керек, мұны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына жол бермейтін әдептілік нормасы деп білген жөн.

– Әңгімеңіз үшін рахмет.

Әңгімелескен

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар