Оқиға • 15 Қыркүйек, 2021

Мексикада кепілге алынған шетелдік 22 адам құтқарылды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың орталығындағы Сан-Луис Потоси штатының Матехуала ауданындағы қонақүйден бұрын белгісіз қарулы адамдар ұрлап кеткен 22 шетелдік азамат құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Мексикада кепілге алынған шетелдік 22 адам құтқарылды

Ұрланған адамдардың көпшілігі Венесуэла, Гаити және Куба азаматтары. 

Билік қарулы адамдар 16 мексикалықты да ұрлап кеткенін хабарлады.

Адам ұрлаушылар мексикалықтарды, содан кейін шетелдік азаматтарды босатты. Шетелдіктерге медициналық көмек көрсетілді.

Мемлекеттік прокурор Федерико Артуро Гарза Эррера шетелдіктердің жеке басы анықталып жатқанын хабарлады. 

Ал адамдарды кімдер және неге ұрлағаны жайлы ақпарат әзірге жоқ.

Бұған дейін 15 қыркүйек күні таңертең қонақүйге үш шағын автобуспен келген белгісіз қарулы адамдар шетелдіктерді ұрлап әкеткені жайлы жазған болатынбыз.