Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2021

Қазақстан 2022 жылы ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларын өткізеді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның қорғаныс министрі Мұрат Бектанов Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесінің және қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан 2022 жылы ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларын өткізеді

Қатысушылар ұйым қызметінің басым бағыттарын, ҰҚШҰ-ға кіретін өңірлерде қалыптасып жатқан әскери-саяси ахуалды талқылады. Ұйымға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Еліміздің Қарулы күштерінде 2022 жылы жедел ден қою ұжымдық күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және оларды өткізу бойынша жұмыс басталды. Бұл ретте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдері пысықталмақ. Соңғы кездегі қарулы қақтығыстар тәжірибесінен алынған сабақтар оқу-жаттығу сценарийлерінде ескерілуге тиіс», деп жазылған хабарламада.

Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша министрлер ұйымның қызметіне қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.