Әлем • 15 Қыркүйек, 2021

Түркияда Sokol TurAz-2021 тактикалық ұшу жаттығулары өтіп жатыр

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда Әзірбайжан-Түрік бірлескен Sokol TurAz-2021 тактикалық ұшу жаттығуларында Әзербайжан мен Түркия Әскери-әуе күштері жауынгерлерінің экипаждары әр түрлі эпизодтар бойынша тапсырмалар орындады, деп жазады Egemen.kz.

Түркияда Sokol TurAz-2021 тактикалық ұшу жаттығулары өтіп жатыр

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығулар жоспарына сәйкес, модельденген жаудың жауынгерлерінің шабуылын тойтару, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінен алдау маневрлерімен жалтару және көрсетілген жердегі нысандарға соққы беру секілді тапсырмалар берілген.

Екі елдің әскери ұшқыштары берілген жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындады. Sokol TurAz-2021 жаттығуы әлі де жалғасуда.