Әлем • 15 Қыркүйек, 2021

БҰҰ адам жүзін тану жүйелеріне мораторий жариялауға шақырды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ жасанды интеллект алгоритмдерін қолданатын бірнеше жүйеге мораторий жариялауға шақырды, деп жазады Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

БҰҰ адам жүзін тану жүйелеріне мораторий жариялауға шақырды

Ұйым ел үкіметтері жасанды интеллект қосымшаларын енгізуге асығатынын айтады. Сонымен қатар, БҰҰ жасанды интеллект алгоритміне негізделген жүйелердің жұмысынан ақау шықса, адам құқығы бұзылуы мүмкін екенін алға тартады.

Атап айтқанда, биометрикалық деректерді жинауға және адам жүзін тану технологиясына ерекше назар аудару ұсынылды, себебі бұл технология арқылы «адамдарды шексіз бақылауға болады».

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі сарапшылары билік органдары бұл жүйелердің кемсітушілікке жатпайтынын және құпиялылық пен деректерді қорғаудың қатаң стандарттарына сәйкес келетінін көрсетпейінше, қоғамдық орындарда қолдануға мораторий жариялауға шақырады.

«Адам құқықтарына қалай әсер ететініне жеткілікті назар аударылмай қолданылса, жасанды интеллектінің теріс, тіпті қайғылы салдары болуы мүмкін. Адам құқығын бұзу қаупі неғұрлым жоғары болса, оны қолдануға қойылатын талаптар соғұрлым қатал болуы керек. Себебі ақау шықса, оны бағалап, түзету үшін уақыт керек. Мұндай ықтималы жоғары қауіпті технологияларды қолдануға мораторий енгізген жөн», деді БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссары Мишель Бачелет.