«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы (AIX) сауда-саттық қызып тұр. Өткен жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жағдаймен салыстырғанда, биылғы 8 айда биржадағы сауда-саттық көлемі 3,5 есе өскен. Бұл ретте тамыз айындағы көрсеткіш 12 095 605,8 долларды құраған.

2021 жылғы тамыздың соңындағы жағдай бойынша, AIX биржасының ресми тізіміне 65 түрлі эмитенттің 103 бағалы қағаздар шығарылымы кіріп отыр. Онда сауда жасайтын брокерлердің 18-і – қазақстандық, 11-і – халықаралық. Биржаның орталық депозитарийінде инвесторлардың 141 мыңнан астам шоты ашылған.
Шілдеде BI Group-тың еншілес компаниясы «Мегастрой» ЖШС 6,3 млрд теңгелік құнды қағаздарын сәтті орналастырған. Бұл – алғашқы транш. Борыштық құралдар бағдарламасы бойынша 20 млрд теңгені құрайды. Құрылыс секторының тағы бір өкілі «Проект ЭНС» ЖШС-да борыштық құралдарын шығарды. Бұлар – 3,7 млн доллар көлеміндегі және 350 млн теңге көлеміндегі облигациялар.
Тамыз айының соңында АХҚО биржасында үлестік құралдар листингі бар компаниялардың («Қазатомөнеркәсіп», «Полиметалл», «Халық Банк», Ferro-Alloy Resources Limited, «Банк ЦентрКредит», Kaspi.kz, Kcell) жалпы нарықтық капитализациясы 44 млрд доллардан асты.
Осы жылдың 1 шілдесінде AIX Qazaq Index (AIXQI) іске қосылды. Ол бизнесі Қазақстанмен байланысты компаниялар акцияларының көрсеткіштерін өлшейді және нарықтық капиталдандыру бойынша мөлшерленген индексті ұсынады. Индекс құрамына AIX, KASE және LSE биржаларында саудаланатын сегіз қазақстандық компанияның акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттары кірді.
Жұмысын 1000 пункт белгісінен бастаған AIXQI алғашқы айды 993,93 пункт белгісінде аяқтады. Шілденің қорытындысы бойынша көрсеткіш 0,61 пайызға сәл-пәл төмендеген. Тамыз айында AIXQI индексі шілдемен салыстырғанда әлдеқайда жақсарып, айды 1034,42 пункт деңгейінде аяқтады. Өсім – 4,07 пайыз.
Индекс құрамына кіретін 8 компанияның 6-ауы тамыз айын өсіммен тәмамдады. Оның ішінде банк секторынан «ЦентрКредит Банкі» мен «Халық банктің» акциялары үздік динамиканы көрсетті. Олардың өсуі тиісінше 14,74 пайызды және 13,25 пайызды құрады.
Сондай-ақ «Қазақтелекомның» акциялары да айтарлықтай өсім көрсетті – 12,75 пайыз. «Қазатомөнеркәсіп» акциялары 7,99 пайызға өсті. Уран өндіруші ұлттық компания 2021 жылдың 6 айында салыстырмалы түрде әлдеқайда жақсы қаржылық нәтижелер көрсетті және акционерлерге 2020 жыл үшін дивиденд ретінде 150 млрд теңгеден астам төлем аударылғанын хабарлады.
Central Asia Metal (+0,91 пайыз) және Kaspi (+0,68 пайыз) акцияларының құны шамалы ғана өзгерді. Теріс мән көрсеткен 2 компания бар. Олар – «ҚазТрансОйл» және «Полиметалл». Қос компанияның акциялары тиісінше 5,73 және 7,89 пайызға төмендеген.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар